Маңғыстауда қаза тапқан үш әскери қызметшінің мәйіті Оралға жеткізілді

Фото: Қорғаныс министрлігі

25 қыркүйек күні сағат 08:45-те Орал қаласының әуежайына Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан батыс қазақстандық әскери қызметшілер Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ жәнеАқжайық Ғилаждың мүрдесі арнайы рейспен жеткізілді. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды  AstanaTV.

Қаза тапқан әскери қызметшілерді ақтық сапарға шығарып салу және жерлеу рәсімдері 26 қыркүйек күні өтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаза тапқандардың отбасыларына жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл іске бизнес өкілдері де атсалысады. Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Аталған жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында.