Павлодар облысының Шөптікөл ауылы тіршілік нәрінен тарығып отыр. Бар жоғы 60 ғана адам қалған елдімекенде таза су жоқ. Кеңес кезінен қалған ескі құдық бар. Ол су ішуге жарамсыз. Аптасынан екі рет Майқайыңнан су таситын көлік келеді. Сол кезде үйде бос ыдыс қалдырмай су алып қалады. Алайда, жаздың ыстығында ол да жетпей қалады екен. Шалғайдағы ауылдың арызын тілшіміз Өзгеріс Қуанар тыңдап келді.
Ахметбек Каменовтің отбасы аптасына жарты тоннаға жуық су тұтынады. Тіршілік нәрі аптасына екі рет Майқайың кентінен жеткізіледі. Отағасы үйде тесік ыдыс қалдырмай, су құйып алады. Алайда, жаздың аптап ыстығында жарты тонна судың өзі жетпей қалады – деп отыр.
АХМЕТБЕК КАМЕНОВ, ШӨПТІКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бізге су әкеледі водовозбен. Жұмасына бір рет келеді. Пластмасс. Иісі де шығады осыны ішеміз қайнатып. Өздеріңізде көріп тұрған шығарсыздар. Несі де бар нашарлау. Свежий су көрмейміз вообще. Сатып аламыз шелегі 15 теңге.
Төлеген Садуақасов осы ауылдың байырғы тұрғыны. Осы жерде туып өскен. Қазір зейнеткер. Ақсақал суды қарызға жаздырып алатын айтты.
ТӨЛЕГЕН САДУАҚАСОВ, ШӨПТІКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Шелегі 15 теңге бір шелек. Енді 400 литр алсам,10 литр, 20 литрден қанша санай беріңіз. Мен өзім ек бөшке аламын дөкей дөкей. Ақшасын төлеп отырамыз. Қайта водовозымыз жақсы. Әй, жазып қоямыз деймін орыстың жігітіне. Ей, пишу потом отдашь пенсии дейді. Сосын пенсия келгеннен кейін ақшасын төлеп береміз.
Тұрғындардың ауыз су мәселесін айтып келе жатқанына 30 жылдан асыпты. Алайда, түйткіл әлі күнге дейін шешілмеген. Аудан әкімінің сөзінше, қаржының жоқтығы себеп болған. Десе де, алдағы жылы қаржы бөлінсе, су құбырын салатындарын жеткізді.
АРДАҚ КІСЕНТАЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
2025 жылы 29 желтоқсанда жобалық сметалық құжаты сараптамадан өткен құжатты алдық. Жалпы олт жерде 274 млн. теңгені құрайды. Биылғы жылы бұл жобаны біз облыстық басқармаға тапсырып қойдық. Қазір бюджетті қазан айында бюжет қарайды аудандардың бюджеті. Сол мәселені сол жерде нақты бір шешімін табады деп отырмыз.
Кезінде бұл ауылда 300-ге жуық үй болған. Қазір бар жоғы 20-ге жетер жетпес түтін қалыпты. Көпшілігі ауылда инфрақұрылымдық жағдай болмаған соң, үдере көшіп кеткен. Ал ауыз су мәселесінің шешілу, шешілмеуі бюджет қаражатын бекіту кезінде белгілі болмақ.