Қарағандыда жылына 2 мың автобус пен 10 мыңнан жүк көлігі құрастырылады

Қарағанды облысының Саран қаласындағы отандық автобус зауыты жылына 10 мыңнан астам жүк көлігі мен ауыр техника шығарады. Автобустар мен трактор, самосвалдар еліміздің түкпір түкпіріне ғана емес көршілес елдерге жөнелтілуде. Бүгінде зауыт жаңа жұмыс орнын ашуға, Саран қаласының инфрақұрылымын жақсартып, жастарға қолайлы жағдай тудыруға тікелей әсер етіп отыр.

Темірлан осыдан 3 жыл бұрын Шахтинскідегі технологиялық колледжінде газ қондырғысын жөндеуші мамандығын бітіріп,  зауытқа қарапайым жұмысшы болып орналасқан. Қазір-кіші торап цехының шебері. Бұл цехта темір қаңқаға мыңдаған тетік, яғни қозғалтқыш, орындық, декорлар, кондиционер, камера барлығы орналастырылып, дайын техника құрастырылып шығады.

ТЕМІРЛАН ЕГІНБАЕВ, ЦЕХ ШЕБЕРІ:

Өте қатаң қадағалаймыз қауіпсіздікті. Мысалы, біздің автобуста қауіпсіздік система орнатылған. Ол автобустың жан-жағына 360 градус камерасы бар және қазіргі кейін шығып жатқан автобустардың тежегіш және педалдарына да арнап камера орнатып жатырмыз. Осы автобустарды көшеде көрген кезде мен өте мақтан тұтам өз жұмысымды. Маған өз жұмысым өте ұнайды.

Зауыт - Саран қаласындағы индустриалдық аймақта орналасқан отандық 6 ірі кәсіпорынның бірі. Осыдан 5 жыл бұрын ашылды. Бүгінде мұнда мыңнан астам адам жұмыс істейді. Көпшілігі - жастар. Дәнекерлеуші, автоқұрастырушы, бояушылар жылына 10 мыңнан астам ауыр техника құрастырады. Олардың ішінде жолаушы автобустары, мектептерге арналған арнайы автобустар, тракторлар мен самосвалдар да бар.

Зауыт жастардың жұмысшы мамандықтарын меңгеріп, кәсіпорында да қоғамда да өз орнын табуға қолдау көрсетеді. Олар осы кәсіпорындағы корпоративтік университетте білімдерін жетілдіреді. Онымен қоса басқа оқу орындарында бұрын болмаған жаңа мамандықтарды меңгеріп, жұмысқа орналаса алады.

АЙДОС АЙТБАЕВ, «KAZTEHNO» КОРПОРАТИВТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Автомобиль құрылысы программа бойынша бізде мектепті бітірген студенттер жас түлектер және колледжді бітірген азаматтар оқудан өтеді. Сол программа бойынша оқу 4 жыл бойы өтеді. Бірақ колледж бітірген азаматтар 2 жыл арасында сол программаны бітіреді.

Жалпы Саран индустриалдық аймағында автобустан басқа  басқа, шина, тұрмыстық техника, пластикалық және темір құбырлар шығаратын, сондай- ақ темір өйдейтін заманауи кәсіпорындар жұмыс істейді. Жұмыс орындарының ашылғалы шаһарда жаңа үйлер салынып қаладағы тіршілік жақсара бастады.