Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды AstanaTV.
Жеделхаттарды Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдері, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы және қоғам өкілдері оқып, марқұмдардың жақындарына табыстады.
Президент өз жеделхатында қаза болғандардың туған-туыстарына шынайы көңіл айтып, қолдау білдірді. Сондай-ақ отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін және кінәлілердің заң аясында ең қатаң жазаға тартылатынын жеткізді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын атап өтті.