Астанада төрт автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Фото: қала әкімдігі

Өзгерістер халықты қамтуды кеңейту және Tarlan Astana LRT станцияларына қолжетімділікті арттыру мақсатында жасалды, деп хабарлайды  AstanaTV.

26 қыркүйектен бастап Астанада №3, 45, 46 және 84 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі.

Өзгерістер халықты қамтуды кеңейту және Tarlan Astana LRT станцияларына қолжетімділікті арттырумақсатында жасалды.

  • №84 автобусҚалдаяқов көшесіне бұрылып, осы көшемен жүретін болады.
  • №46 автобусДостық көшесімен жүрмейді және «Министрліктер үйі» аялдамасына кірмейді. Оның орнына Сығанақ көшесімен тура жүреді.
  • №45 автобусМұхамедханов көшесімен тура жүріп, Қорғалжын тасжолына дейін барады.
  • №3 автобусӘзірбаев көшесімен тура Қалдаяқов көшесіне дейін, одан әрі Қалдаяқов көшесімен «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін жүреді.

Автобустардың нақты орналасуын Avtobysқосымшасы арқылы бақылауға болады.