Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды

Фото: спорт комитеті

Парадзюдодан әлем чемпионаты Тбилисиде 25-27 қыркүйек аралығында өтіп жатыр, деп хабарлайды AstanaTV.

Қазақстандық спортшы Әлфия Тлеккабыл парадзюдодан әлем чемпионы атанды.

Бұл туралы Спорт комитеті хабарлады.

Ол Тбилисиде өтіп жатқан көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Әлфия Тлеккабыл J1 санатында 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Финалдық белдесуде ол бразилиялық Де Андрадемен кездесіп, иппон әдісімен жеңіске жетті.

Чемпионаттың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді. Әлфия Тлеккабылдың алтынынан бөлек, J1 санатында 70 келіге дейінгі салмақта Алықын Нұрдәулетов күміс жүлдегер атанды.

Ал J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Нұрмаханұлы қола медаль жеңіп алды.

Парадзюдодан әлем чемпионаты Тбилисиде 25-27 қыркүйек аралығында өтеді. Жарысқа 44 елден 290 спортшы қатысып жатыр.