Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қызметінен босатты. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып 2025 жылы 8 маусымда тағайындалған. Кейін министр лауазымына 3 қыркүйекте қайта тағайындалған болатын.