Батуттағы гимнастикадан Ерлан Тасмағамбетов Азиаданың қола жүлдесіне ие болды

Батуттағы гимнастикадан Ерлан Тасмағамбетов Азиаданың қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды AstanaTV .

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындары аясында батуттағы гимнастикадан алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Шешуші финалда өнер көрсеткен Ерлан Тасмағамбетов 54.69 ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Лангуи Ян (Қытай) - 65.09 ұпай

Зисай Уанг (Қытай) - 63.83 ұпай

Ерлан Тасмағамбетов - 54.69 ұпай

Тағы бір отандасымыз Роман Барков 8-орынға тұрақтады.