Машина жасау - ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Кәсіпорындар тау-кен және мұнай-газ өнеркәсібіне, көлік пен энергетика салаларына арналған өнім шығарады.
Кейінгі жылдары аталған сала тұрақты өсім көрсетіп келеді. Мәселен, 2023-2025 жылдары машина жасау бағытындағы өндіріс көлемі 4,3 трлн теңгеден 5,9 трлн теңгеге дейін ұлғайып, 36%-ға артты. Осы жылдың жеті айында саладағы кәсіпорындар 3,23 трлн теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға жоғары.
Әрбір өндірістік процестің артында мамандардың қажырлы еңбегі бар. Шығарылатын өнімнің сапасы мен сенімділігі олардың кәсібилігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты.