Мемлекет басшысының жарлығымен Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды AstanaTV  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айдос Мырзахметов бұл қызметке тағайындалуына байланысты бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.