Конгресс БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен бес жылда бір рет өткізіледі, деп хабарлайды AstanaTV.
Конгресс трансұлттық қылмысқа, қылмыстық сот төрелігіне, киберқылмысқа және қаржылық құқықбұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдардың өкілдерін біріктірді.
Агенттік қаржылық қылмыстарға және қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылда тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану тәжірибесін таныстырды.
Сондай-ақ дроп-карталарды, виртуалды активтерді және қылмыскерлерге қаражатты әртүрлі юрисдикциялар арасында аударып, оның ізін жасыруға мүмкіндік беретін өзге де цифрлық құралдарды пайдалануға байланысты қазіргі қауіптерге қарсы қабылданып жатқан шаралар баяндалды.
Қылмыстық кірістерді заңдастырудың жаңа схемаларын дер кезінде анықтау және күдікті операцияларға жедел ден қою мақсатында мемлекет пен жеке сектор арасындағы әріптестікті дамыту жөнінде ақпарат берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қаржылық қылмысқа қарсы күресте құзыретті органдармен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.