Нәрестеге шұғыл көмек көрсетілді

фото скрин

Ақмола облысында ТЖМ авиациясы жаңа туған нәрестені шұғыл жеткізді,  деп хабарлайды AstanaTV.

Жаңа туған нәрестеге бейінді медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен Көкшетау – Степногорск – Көкшетау бағыты бойынша санитариялық рейс орындалды.

Кішкентай пациентке шұғыл медициналық көмек қажет болды. Тікұшақ экипажы мен медицина мамандары баланы медициналық мекемеге жедел жеткізді.