Газ баллон жарыла жаздады

фото скрин

Құтқарушылар зейнеткерге көмек көрсетті,  деп хабарлайды AstanaTV.

Ақмола облысы ТЖД-ның «112» пультіне Сәдуақасов көшесіндегі тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде тарсыл болғаны туралы хабарлама түсті.

ТЖМ бөлімшелері келген кезде пәтерде газ-ауа қоспасының кейіннен жанусыз тарсылдағаны анықталды.

Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Құтқарушылар пәтерден 1935 жылы туған ер адамды алып шығып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Оқиғаның алдын ала себебі - газ баллонын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы.