Мерзімді әскери қызметшілер Ахметов пен Мағауияға қатысты ақпарат нақтыланды

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметшілері Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А.-ға қатысты ақпарат таралуына байланысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды AstanaTV.

Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, белгіленген оқу міндеттерін орындаған.

«Мерзімді әскери қызметшілері Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды. Қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде және белгіленген күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін жалғастыруда», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты азаматтарды әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа сын көзбен қарап, тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға шақырады.

Әскери қызметке қатысты ресми әрі нақты ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми ақпарат көздерінен алуға болады.