Қызылордада жасөспірім ересек адамға пышақ сұғып алған

Қызылордада жасөспірім ересек адамға пышақ сұғып алды. Суық қарудан жараланған Шиелі ауданының тұрғыны полицияға өзі жүгінген. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған баланы айыптаған. Аталмыш дерек бойынша «бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ал күдікті сот санкциясымен  үй қамаққа алынды.

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Кәмелетке толмағанның заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады. Бұдан бөлек полиция қосымша шаралар қабылдау және осындай мінез - құлыққа ықпал ететін себептерді жою үшін әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға ұсыну енгізді.