Көршісін өсектеймін деп айыппұл арқалады. Ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу әңгіме таратқан қарағандылық тұрғынға 484 400 теңге төлеу міндеттелді. Әкімшілік сот оның жасының үлкендігін ескеріп қайта жеңіл жаза қолданыпты. Істі Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Тергеу мәліметінше, зейнеткер көршісі туралы "баланы күйеуінен тапқан жоқ" деп жалған мәлімет таратқан. Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәлардың көрсетулерімен толық дәлелденді.