«Кітап оқитын ұлт»: Шымкентте ерекше оқырмандармен әдеби кездесу өтті

«Кітап оқитын ұлт»: Шымкентте ерекше оқырмандармен әдеби кездесу өтті. «Әділет» партиясы мен Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Күз бен біз» атты әдеби-мәдени шара ұйымдастырылды. Күз тақырыбы арқау болған басқосуда кітап оқу мәдениеті, әдеби шығармалардың адам дүниетанымына әсері және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды. Қатысушылар өздері оқыған шығармалар туралы ой бөлісіп, әдебиетке деген қызығушылығын ортаға салды. Қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов кітаптың адам санасын дамытудағы рөліне тоқталып,  кітап оқудың тек білім алудың ғана емес, ойлау мәдениетін қалыптастырудың да маңызды құралы екенін атап өтті. Кездесу барысында  жобаның жүзеге асуына белсенді атсалысып,  кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табысталды. Әдеби кеш тек кітап туралы әңгімемен шектелген жоқ. Қатысушылар ән айтып, өлең оқыды. Зияткерлік ойындар ұйымдастырылып, белсенділік танытып, зеректігімен көзге түскен жандарға сыйлықтар берілді.

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы жылдан бастап бізде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында көптеген қаржылар бөлініп жатыр. Яғни 10 млн теңгеге дейін көптеген сыйлықтар берілетінін барлығын мәлімдеп жатыр. Сондықтан да біздің салихалы ұрпақ болам десек,  ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін болсақ, саналы ұрпақ ретінде қалыптасуымыз үшін біз осы арнайы тарихи кітаптарымызды оқуымыз қажет. Яғни барлық ақыл осы кітапта. Сондықтан мұндай іс-шаралар бізде әлі жалғасын табатын болады.