«Жасыл елде» 35 мыңнан астам жас жұмыс істейді

Жастардың басын біріктірген «Жасыл ел» еңбек жасақтары кезекті жазғы маусымды сәтті аяқтады. Биыл бұл қозғалыс аясын кеңейтіп, тек көгалдандырумен шектелмей, құрылыс, педагогикалық және аграрлық бағыттарды да қамтыды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған инклюзивті жасақтар құрылып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына да жұмыс мүмкіндігі берілді. Жыл қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен өңірлер арнайы номинациялармен марапатталды.

НҰРАСЫЛ БЕКМАТОВ, "JASYL EL" ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жыл сайын біздің қатарымызда 35 мыңнан астам жас жұмыс жасайды. Астана қаласында биыл маусым шілде тамыз айларында 5200 бала жұмыспен қамтылған. Оның ішіндегі оқушылар да, студенттер де бар. Астананың бір ерекшелігі, оқушылар жұмыс жасайды, олар өздерінің мектептерінің аумағын тазартады, гүлдер отырғызады, ағаштар егеді деген секілді жұмыстар жасайды.