2026 жылдың қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қоса алғанда, 10 күн демалады, деп хабарлайды AstanaTV.
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Биыл мереке жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні келесі дүйсенбіге, яғни 26 қазанға ауыстырылады.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер 24, 25 және 26 қазанда қатарынан үш күн демалады.
Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 24 және 25 қазанға сәйкес келеді.
Жалпы, қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен 10, ал алты күндік жұмыс аптасымен 6 демалыс күні болады.
Қазан айындағы демалыс күндерінің күнтізбесі:
3, 4 қазан – сенбі, жексенбі;
10, 11 қазан – сенбі, жексенбі;
17, 18 қазан – сенбі, жексенбі;
24, 25, 26 қазан – сенбі, жексенбі, дүйсенбі.
31 қазан - сенбі.