Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады, деп хабарлайды AstanaTV.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Сапар Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен ұйымдастырылды.
Берлинде Мемлекет басшысының Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздері жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылайды.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына да барады. Сонымен қатар Германияның ірі компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесулер өткізеді.
Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.