Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Инстаграм

ISU рейтингіне сәйкес, спортшының қоржынында 4193 ұпай бар,  деп хабарлайды  AstanaTV.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен сырғанау одағының (ISU) әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді.

ISU рейтингіне сәйкес, спортшының қоржынында 4193 ұпай бар. Бұл – қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының әлемдік рейтингтегі ең үздік нәтижесі. Бұған дейін Михаил Шайдоров рейтингте үшінші орынға дейін көтерілген.

Рейтинг көшін 4590 ұпаймен америкалық Илья Малинин бастап тұр. Үшінші орында Жапония өкілі Юма Кагияма (4123 ұпай). Одан кейін тағы бір жапондық Шун Сато (3949 ұпай) және Франция спортшысы Адам Сяо Хим Фа (3660 ұпай) орналасқан.