Алғашқы марал төлі 7 маусымда, екінші төлі 10 кыркүйекте дүниеге келген, деп хабарлайды AstanaTV.
Оларға Маралтай және Мұқан есімдері берілген.
Екі төлдің де жағдайы жақсы. Олар енелерімен бірге, қоршаған ортаға біртіндеп бейімделіп келеді. Мамандар олардың денсаулығын, дамуын және қоректенуін күн сайын бақылауда ұстайды, -делінген зообақ хабарламасында.