Астанада көлік жүргізушісі әйел адамды қағып, қашып кетті

фото: видеодан скрин

Астананың орталық көшелерінің бірінде Jetour жүргізушісі әйел адамды қағып, артынша қашып кетті, деп хабарлайды  AstanaTV.

Мәңгілік ел көшесінде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

«Jetour T2» автокөлігінің жүргізушісі анықталды, көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – делінген ПД хабарламасында.