Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері үш күнге жабылады, деп хабарлайды AstanaTV.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, Қытай Халық Республикасының құрылған күніне байланысты 1, 2 және 3 қазан күндері адамдар, көлік құралдары мен жүктер шекара арқылы өткізілмейді.
Бұл ретте теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.