Арайлым Шегенова кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

фото: Сали Сабиров

Қазақстандық спортшы Арайлым Шегенова Азия ойындарында кураштан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды  AstanaTV.

Арайлым Шегенова 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалға жолдама алу үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Ёнмен кездесті. Бұл бәсекеде кореялық спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, Арайлым Шегенова Азиада-2026-ның қола медалін иеленді.