Үйді әдейі өртеген: Ақмола облысында күдікті ұсталды

фото: gov.kz

Щучье қаласында жер үй өртеніп, ерлі-зайыпты қаза тапты. Полиция олардың үйін жергілікті тұрғын өртегенін анықтады, деп хабарлайды  AstanaTV.

Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті азамат үйді қасақана өртеген. Өрт кезінде онда тұрып жатқан ерлі-зайыпты қаза тапқан, - деп хабарлады полиция департаменті.