Екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

фото: Қостанай облыстық полиция департаменті

Қостанай облысында бүгін таңертең 07:30-да Алматы – Екатеринбург автожолының 384-шақырымында, Қарабалық ауданының Қайрақ ауылы маңында жол апаты болды, деп хабарлайды  AstanaTV.

Полиция ақпаратынша, жүк тасымалдайтын «Газель» көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Лада Калина» көлігінің жүргізушісі - әйел адам сол жерде көз жұмған. «Газель» жүргізушісі мен «Лада Калина» көлігінің жолаушысы зардап шеккен.

Жол апатына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы бақылауға алынды.