Айбек Оралбай: жақсы бокс үлгісін көрсеттім деп ойлаймын

фото: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды  AstanaTV.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ақпаратынша, отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың жартылай финалында Үндістан өкілі Нарендерден басым түсті. Айбек жекпе-жектен кейін берген сұхбатында қарсыласы жайлы айтып, 30 қыркүйекте шығатын қазақстандық боксшыларға сәттілік тіледі.

"Мен үшін жарыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан финалға дейін босаңсымаймыз. Жартылай финалдағы қарсыласым өте қолайсыз болды. Онымен бұған дейін ресми жарыста кездескен емеспін, тек жаттығу кезінде жұдырықтастық. Жекпе-жекте тактикалық тұрғыдан жақсы бокс үлгісін көрсете алдым деп ойлаймын. Ол да осал емес, Азия ойындарының жүлдегері әрі тәжірибелі спортшы. Өзім әлем чемпионы болғандықтан, Ливерпульдегі жарысқа қарағанда бұл жолы жақсырақ өнер көрсеттім деп есептеймін. Финалда бұдан да жоғары деңгейде жұдырықтасуға тырысамын. Ертең шаршы алаңға шығатын Махмұдқа, Төреханға және қыздарға сәттілік тілеймін", - деді спортшы.