Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті

фото: Никита Басов

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды  AstanaTV.

Отандық спортшылар 1/4 финалда Оңтүстік Кореямен кездесті. Төрт таймның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 18:14 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, ұлттық құрама жартылай финалда Қытай мен Таиланд арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.