Русский Сайттың толық нұсқасы

«Bek Air» әуе компаниясының ұшақ кестесі өзгертілді

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2016
  • 5169

Ал бүгін Алматыда «Bek Air» әуе компаниясының бірнеше ұшағы көкке көтеріле алмады. Бұл туралы жолаушыларға алдын ала ескертілді, - дейді компанияның сату және тасымалдау басқармасы бастығының орынбасары Тұрсын Ахметов. Оның телефон арқылы берген дерегіне сүйенсек, ұшақтардың кестесі көктем-жаз мезгіліне орайластырылуда. Соған сәйкес, «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және «Алматы-Қызылорда» бағыттарындағы әуе рейстері кейінге шегерілген.

Тұрсын Ахметов, «Bek Air» әуе компаниясы АҚ сату және тасымалдау басқармасы бастығының орынбасары:

Ақпаратты СМС хабарламалар арқылы жеткіздік. Ешқандай наразылық білдіріп, жоспарымыз бұзылды деген хаттар келіп түскен жоқ.  Біздің call - центр тәулік бойы жұмыс істеп жатыр және билеттерді қайтару мәселесі ол жерде жоқ, аз ғана жолаушылар саны. Билеттердің бағасы 100 пайыздық көлемде қайтарылып жатыр.

Айгүл ЕРМАХАН