Жер үй өртеніп, ерлі-зайыпты қаза тапты

Ақмола облысына қарасты Щучье қаласында жер үй өртеніп, 58 жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты. Полиция  марқұмдардың үйін  жергілікті тұрғын әдейі өртеген деп мәлімдеді. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан дерекке сүйенсек,  өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар үйден 1968 жылы туған ер адам мен әйел адамның денесін алып шықты. Өртті сөндіруге жеке құрамның  16 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылды. Қылмыстық іс қозғалды.

ӘСЕМ АБДРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСТПЕКТОРЫ:

Алдын ала анықталғандай, 39 жастағы жергілікті тұрғын үйді қасақана өртеген. Оқиға салдарынан осы үйде тұрған ерлі-зайыпты қаза тапқан. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.