Кәсіпкерді 22 рет пышақтап өлтірген қылмыскер сотталды

Павлодарда кәсіпкерді пышақтап өлтірген қылмыскер сотталды. Сот оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Естеріңізге салайық, қанды қылмыс өткен жылдың ақпан айында болған. 52 жастағы кәсіпкер жұмысқа кетіп содан оралмаған.  Арада 3 күн өткен соң, мәйіті тұрғын үй ауласындағы гараждан табылды. Қаскөй кәсіпкерді асқан қатыгездікпен өлтірген. Оған оған 22 рет пышақ жарақатын салыпты.

АЙНҰР ЮСУПОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ  СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы, 2 бөлімі, 5 тармағы  бойынша сотталушы азамат кінәлі деп танылды. Сот оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Моралдық шығын ретінде әйеліне 8 млн, әпкесі мен бауырына 1 млн-нан және авдокат жалдау ақысы мен жерлеу рәсіміне кеткен шығынды өтеп беруге міндеттелді.