Жерасты суларын кешенді пайдалану және басқарудың 2027-2040 жобасы әзірленді

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2026

Алдағы 3 жылда жерасты суларын іздеу және бағалау аясында 88 жоба жүзеге асырылады. Сондай ақ иесіз гидрогеологиялық ұңғымаларды азайту жұмыстары жалғасады. Биыл 32 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның 15-і – иесіз ұңғымаларды жоюға, 17-сі – зерттеп-қарауға бағытталған. Жыл соңына дейін Атырау, Маңғыстау, Павлодар мен Ұлытау облыстарындағы ұңғымаларды зерттеу көзделіп отыр. Бұл жерасты суларын тиімді пайдалану үшін аса қажет шешімдердің бірі саналады.

ТАЛҒАТ МОМЫШЕВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

2026 жылдың соңына дейін бағалау жұмыстары бойынша 38 жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған іс шараларды жерасты суларының қорларын қайта бағалау және нақтылау жөніндегі 28 жобалық сметалық құжатнаманы әзірлеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ, Жетісу облысындағы қорларды қайта бағалау және растау мақсатында 3 жобаны аяқтауға мүмкіндік береді.