Ұлттық қор қаражаты әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2026

Ұлттық қор қаражатының негізгі бөлігі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Қаржы білім беру, денсаулық сақтау, спорт нысандарын салуға, сондай-ақ жылу, су желілері мен жергілікті жолдарды жөндеуге жұмсалмақ. Мұндай инвестициялар өңірлердегі инфрақұрылым сапасын жақсартып қана қоймай, құрылысқа да серпін берері анық. Мамандардың мәліметінше, бөлінген қаражаттың инфляцияға әсері жылына 0,3 пайыздан төмен болады деп күтіледі.

АЙБАР ОЛЖАЕВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ САРАПШЫ:

Ұлттық қордың ақшасы 1 теңге салынса, ертең соған кемінде 3-4 теңге әкелетін жобаларға жұмсалуы тиіс- деген консенс бар. Бұл дұрыс. Ол жобалар экономикаға жұмыс істеуі керек. Ең біріншіден айтар ем, бұл энергетика. Электр энергиясы. Қазір біз жи дәуіріне кіріп келе жатырмыз. Бізде дата центрлардың барлығын жұмыс істету үшін энергия керек. Бұл өзін ақтайды. Шетелдік дата центрларға қоюға болады.