Алтын Орда дәуірінің медициналық тағылымы

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2026

Жошы Ұлысы мен кейінгі Алтын Орда дәуірі - Еуразияның ұлан-ғайыр аумағында мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыс күшейген тарихи кезең. Сауда жолдары дамып, адамдар мен тауарлардың қозғалысы артқан тұста түрлі аурулардың таралу қаупі де жоғары болды. Бұл кезеңдегі медицина мен індеттер тарихы-сол дәуірдегі қоғамның тұрмыс-тіршілігінің айнасы, дейді ғалымдар. Тақырып Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде өткен дөңгелек үстелге арқау болды. «Ортағасырлық Еуразия мемлекеттеріндегі медицина және эпидемиялар» атты шарада 5-15 ғасырлар аралығында болған індеттердің тарихы айтылды. Бұрынғы жылдардағы инфекция мен қазіргі вирустың қасиеттері бірдей емес. Аурудың сипаты өзгерсе, оған қарсы қолданылатын тәсілдер де жетілдірілді. Мәселен, обаның таралу механизмі бөлек. Жаппай пандемия жоқ, тек жекелеген ошақтарда ғана сирек кездеседі.

ҚЫМБАТ ТҮСІПҚАЛИЕВА, М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ КАФЕДРА ДОЦЕНТІ, ПРОФЕССОР:

Бұрынғы кездегі індеттеріміздің жүру механизмі, халық арасында таралуы өзгеше болды. Мысалы, оба ауруын айтатын болсақ, бірнеше індетпен өткен. Ол өкпе… өкпе, яғни ауа арқылы берілетін, өкпе арқылы жүретін індет болатын. Қазіргі күнде ондай механизммен оба таралмайды.  Және басқа да көптеген ерекшеліктері-ол, әрине, санитарлық мәдениет сол кездегі, профилактика, халықтың жауапкершілігі.