«Әділет» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын бірнеше өңірде ұйымдастырды

«Әділет» партиясы "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясында қарияларға көмек көрсетіп, ауласын тазалады. Бау-бақшасын қопсытып, үйін жинады. Игілікті шараға Жастар рухының еріктілері атсалысты. Белсенділер қарттар күніне орай базарлық апарып, ақ батасын алды.

Қызылордалық Гүлжамал Жомартова биыл 80-ге толды. Кейуана  еріктілерді үй шаруасына көмектесуге шақырған. Көп күттірмей жастар бақшаны көктемгі егінге дайындап, жер аударды. Құр шаруамен шектелмей, «Әділет» партиясы қалалық филиалының төрағасы және франкция мүшелері алда келе жатқан қарттар күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ауласын абаттандырған жастар мен ілтипатын білдірген партия мүшелеріне Гүлжамал әже ақ батасын берді.

АБЗАЛ ЖОЛТЕРЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚОФ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Біреу ауласын жинатуға көмек ретінде шықаруы мүмкін, тіпті кейбір ардагерлер бар жай ғана қасымда 1 сағат отырып әңгіме айтып кетсеңдерші балалар деп шақырады. «Батаменен ел көгерер» демекші, батасын алса,  тілегін алса бұнымен біздің кейінгі өсіп келе жатқан буындар жаман болады деп ойламаймыз.

Ал атыраулық  бір топ белсенді Меруерт Әділбаеваға көмектесуге барды.  Ұлдар жағы ауладағы өсіп кеткен шөптерді жұлып, қоқыстарды тазалады. Қыздар жағы үй жұмысына көмектесті. «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері бұған дейін де келіп, қол ұшын созған.  Бұл жолы мерекемен құттықтап, жеміс-жидегін де ала келіп, батасыз қайтпады.

БЕКАРЫС ЗАКАРИЯ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АОФ КЕҢЕСШІСІ:

Атырау қаласына қарасты аудандарда да өтіп жатыр. Бүгін біз  Меруерт әжеміздің үйіне келіп,  барынша қол көмек көрсетіп,  ауласын тазалап, сондай жұмыстар атқарудамыз. «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы бірінші қазанда ғана емес  жыл бойы дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Ай сайын, екі ай сайын  жүйелі түрде өткізіп тұрамыз.

Қарағандылық жастар да акциядан шет қалмады. Науқан барысында өңірдегі зейнеткерлер мен жалғызбасты әжелерге қолғабыс етті. Оған қоса, демеушілердің көмегімен азық-түлік себеттерін таратты. Ал, әйелдер қанатының белсенділері қарияларға тосын-сый жасады. Олар тәтті сыйлықтармен қаладағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қонаққа барды. Бұл мекемеге бүгінде мыңға жуық қария тұрақты барады.

ЖҰЛДЫЗЫМ АХМЕТОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ҚОФ МҮШЕСІ:

Бүгін біз «Әділет» партиясының әйелдер қанатынан қарттар мерекесіне  орай белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келіп отырмыз. Арнайы тосын сый жасап, біздің қарттарымызға көңіл бөлгеніміз. Өйткені олар біздің асыл қазына болып табылады. Өздеріңіз белетіндей «Әділет» партиясы қарттарды қолдау үшін әртүрлі іс шара өткізеді. Қарттар өміріне белсене қатысады.

Айта кетейік, 7 жыл бұрын ашылған мекемеге бүгінде мыңға жуық қария тұрақты барады. Мұнда йога, домбыра, теннис, тоғызқұмалақ және қолөнер секілді үйірмелер бар.