Шетелден көлік әкелемін деп алдап, 106 млн теңгені иемденген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Фото: istockphoto.com

Бас прокуратура аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды  AstanaTV.

Тергеу дерегінше, күдікті 2021-2022 жылдары шетелден автокөлік сатып алып, жеткізіп беремін деген сылтаумен үш адамды алдаған.

Ол жәбірленушілердің жалпы сомасы 106 млн теңгеден астам қаражатын иемденді деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

– Ағымдағы жылдың наурыз айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.