Қостанай тұрғыны 15 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2018
  • 2344

Тоғызыншы сынып оқушысын өлтірді деген күдікпен 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны қамауға алынды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь айтты.

Ирина Беженарь, Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Бұған дейін 44 жастағы күдікті қалалық ауруханада емделіп жатқан еді. 20 наурыз күні Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128 бабына сәйкес оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір тергеу изоляторында отыр.

Еске салайық, 18 наурызда 9 сынып оқушысы өз үйінде өлтірілген болатын. Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь хабарлағандай, бала өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпараттар жарияланбай отыр.