Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты

ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шамиль Ожаев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында 1/4 финалға шықты, деп хабарлайды AstanaTV.

Шамиль Ожаев 87 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында  ирандық Голамреза Фарохисенджанимен белдесіп, басым түсті.

Отандасымыздың ширек финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) ширек финалға өткен еді.