Атырау облысында жасөспірім тізгіндеген көлік жылқымен соқтығысты. Қайғылы оқиға Индер ауданына қарасты Аққала ауылының кіреберісінде болған. 15 жастағы жасөспірім түнделетіп әкесінің көлігін айдап кеткен. Өзімен бірге құрдасы болған. Daewoo Gentra Optimum маркалы автокөлігін республикалық маңызы бар Атырау–Орал тас жолы бағытына қарай басқара отырып, жылқы малына соқтығысқан. Қос жасөспірім әртүрлі дене жарақаттарымен Индер аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Көлікті жүргізген жеткіншек ауруханада көз жұмды.
ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 жасөспірім қаза тапқан. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.