Құрылтай депутаттары әскери оқу-жаттығу кезінде заманауи технологияларды пайдалануды ұсынды

Каспий теңізінде болған қайғылы оқиға енді қайталанбауы тиіс. Ол үшін барлық мән-жайын толық зерттеп болған соң, барлық тарап сабақ шығаруы керек. Құрылтай депутаты Аббат Өрісбаев Премьер-министрге сауал жолдады. Оның айтуынша, бұрынғы ұрыс тәсілдерінен арылып, әлемдегі озық үлгілерге зер салған жөн. Барлауға ғана емес, әр сарбаздың жай-күйін бақылауға дрон қолдану керек.

АББАТ ӨРІСБАЕВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әскери оқу кезінде, жалпы, қандай да бір оқу-жаттығуларда біз ең алдымен адам өмірінің қауіпсіздігін бірінші орынға қойуымыз керек. Сондықтан, біздің ұсынысымызда дрон пайдалану, адамның геолокациясын анықтайтын, дер кезінде көмек көрсете алатын жасақтарды пайдалануға ұсынысымызды бердік.