Алматылықтар таңғы жаттығу жасады. Еңбек күніне орайластырылған спорттық іс-шараға мыңнан астам жастар мен қала тұрғындары қатысты. Жаппай спортты насихаттауға бағытталған іс-шараны «Әділет» партиясының филиалы қалалық Полиция департаменті және Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Таңғы жаттығуға жастармен қатар елімізге белгілі спортшылар мен чемпиондар да қатысты. Оларға еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызы айтылды. Ал полиция қызметкерлері жасөспірімдерге есірткінің зияны мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
АЙДАР КҮНТУБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АЛМАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жалпы «Чемпиондық рух» жобасы осыдан 2025 жылдан бастап Алматы қаласынан ең бірінші бастауалып, қазіргі таңда республикалық көлемде атап өтілуде. Бүгінгі іс-шараға жалпы жастар, қала тұрғындары қатысуда. Бүгінгі шараның басты мақсаты осы қала тұрғындарын, жастарын салауатты өмір салтына тарту, спортты насихаттау.