Былапыт сөз айтқан екі жігітті бес күнге қамалды

Фото скрин

Алматы қаласының полициясы әлеуметтік желіде былапыт сөз айтқан екі жігітті бес күнге қамады, деп хабарлайды AstanaTV. 

Дереккөзге сүйенсек, екі жігіт TikTok желісінде былапыт сөйлеп, оны таратқан. Іске полиция араласқанда, олар бұл видеоны әзіл ретінде таратқандарын айтқан.

«Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков және 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты. Аталған дерек бойынша екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот олардың әрқайсысын 5 тәулікке  қамады», - деп хабарлайды полиция.