Астанада ТЖМ құтқарушылары көпірде қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды AstanaTV
Сарыарқа ауданында полиция қызметкерлеріне көмек көрсету қажеттігі туралы ақпарат келіп түсті. Ер адам «Қараөткел» көпірінің доғасына шығып, шамамен 30 метр биіктікте болған.
Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді.
Жедел іс-қимыл барысында құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, ер адамды биіктіктен қауіпсіз түсірді.
Ер адам құтқарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.