Автобус өртенді

фото скрин

Орал қаласында маршруттық автобус өртеніп, жалын аялдаманы шарпыды. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді, деп хабарлайды AstanaTV.

Орал қаласының Зачаганск кентіндегі Жұмағалиев көшесінде орналасқан автобус аялдамасының маңында болған.

"Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келген кезде автобустың ашық жалынмен жанып жатқаны және өрттің дүкенмен біріктірілген автобус аялдамасының шатырына таралғаны анықталды", - делінген хабарламада. 

Өрттің жалпы ауданы шамамен 6 шаршы метр болған.  ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрт толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.