Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында слаломда есуден жартылай финал өтті, деп хабарлайды AstanaTV.
Спортты дамыту дирекциясының ақпаратынша, ерлер арасында каноэден Александр Куликов 110.24 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтаса, әйелдер арасында кайак сайысы бойынша Екатерина Таранцева да 113.38 ұпаймен 5-орын алды.
Финал Астана уақыты бойынша 9:30–да өтеді.