Теннисші Юлия Путинцева Азиаданың қола жүлдесін иеленді

Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды AstanaTV.

ҰОК баспасөз қызметінің ақпаратынша, әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық спортшы жартылай финалда Қытай теннисшісі Чжан Шуаймен кездесті.

Путинцева екі сетте де жеңіліп, матч 4:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Осылайша Юлия Путинцева Азиада-2026 жарысын үшінші орынмен аяқтады.