Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Фото: iStock

Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты, ​деп хабарлайды AstanaTV.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 29 қыркүйекте болған. Қазақстандық азамат жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған.

«Қазіргі уақытта Корея Республикасының құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр»,– делінген хабарламада.

Оңтүстік Корея деректеріне сәйкес, қайғылы жағдай таңғы сағат 09:45 шамасында Сеулдің оңтүстігіндегі Сочо ауданында болған. 23-қабатта тұрған ер азаматтың үстіне бетон бөлігі құлаған.