Слаломда есу: Екатерина Таранцева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық спортшы Екатерина Таранцева Азия ойындарында слаломды есуден қола медаль иеленді, деп хабарлайды AstanaTV.

Таранцева әйелдер арасындағы бірлік-байдарка жарысының финалында өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 112,23 секундта бағындырып, үшінші орын алды.

Жарыста жапониялық Ито К. 107,60 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орынды 111,70 секунд көрсеткішпен Қытай өкілі Чэнь Линь иеленді.