Ауғанстан аумағында 1 қазан күні таңертең 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды AstanaTV.
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 06:29–да (Гринвич уақытымен 01:29–да) болған.
Оның эпицентрі 36,46° солтүстік ендік пен 68,51° шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісі 18 шақырым тереңдікте тіркеліп, энергетикалық класы K=13,2, магнитудасы 5,8 деп бағаланды.